Әкімдік мәжілісінде маңызды мәселелер талқыланды

Әкімдік мәжілісінде маңызды мәселелер талқыланды

11 тамыз күні аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде осыған дейін салық базасын ұлғайту бойынша әкімдік мәжілісінде берілген тапсырмалардың орындалуы мен 2025 жылдың маусым айында кент, ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қалдыбек Мұсаев хабарлама жасады.
Аудан басшысы салық салу базасын ұлғайтуға қатысты бірқатар жайттарды қозғап өтті. Сонымен қатар кент және ауылдық округ әкімдеріне алгоритм бойынша жұмыстарды сапалы, уақытылы орындауды тапсырды.
- "Қазіргі әлемдік экономикадағы күрделі жағдай біздің елімізге де әсер етуде. Республикалық бюджеттің тапшылығы сезілуде. Алайда облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев жергілікті бюджетті толықтыратын көздіктер іздеу, кірістер бөлігін ұлғайту жөнінде талап қойып отыр. Сондықтан салық базасын ұлғайтуға берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болады" деді аудан әкімі.
Екінші мәселе бойынша аудан әкімі биылғы жылдың маусым айында өткен кент, ауылдық округ тұрғындарымен кездесуде 64 ұсыныс - пікір түсіп, арнайы іс шаралар жоспары әзірленгенін, осыған байланысты тиісті сала орынбасарларына, бөлім, мекеме басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне іс шаралардағы ұсыныс - пікірлердің, мәселелердің мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.