Жаңақорған ауданында еркін күрестен азия ойындарына іріктеу турнирі өтеді

Жаңақорған ауданында еркін күрестен азия ойындарына іріктеу турнирі өтеді

Құрметті аудан тұрғындары және спорт сүйер қауым!
11-14 тамыз күндері Жаңақорған кенті, Хорасан Ата көшесіндегі дене шынықтыру сауықтыру спорт кешенінде жаттықтырушы, білікті бапкер Мұрат Тотаев пен КСРО спорт шебері Сапархан Шайменовтерді еске алуға арналған еркін күрестен 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир және жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына іріктеу турнирі өтеді.
Турнирге еліміздің 17 облысы, 3 қаласынан 400 - ге жуық спортшылар қатысады.
Командалардың келу күні, мандаттық комиссия отырысы - 11 тамыз.
Жарыстың басталуы 12 тамыз күні сағат 10:00-де
Жарыстың ашылу салтанаты 12 тамыз күні сағат 16:00-де
Сайысқа түсетін палуандарымызға сәттілік тілеп, жанкүйер болыңыздар!