Абай мұрасы асқақтаған рухани күн

Абай мұрасы асқақтаған рухани күн

7 тамыз күні Жаңақорған ауданындағы Руханият орталығында Жайылма ауылдық клубының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай “Абай әлемі” атты көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.
Абай мұрасын дәріптеген бұл тағылымды додада Қазалы, Сырдария, Қызылорда, Шиелі және Жаңақорған аудандарынан 8 үміткер бақ сынап, сөз маржанын төкті.
Қазылар алқасының шешімімен:
Бас жүлде - Жаңақорған ауданы, Қаратөбе ауылынан Сұлтанғали Дәулетке бұйырды.
І орын - Қазалы ауданынан Нұрасыл Әділбекова
ІІ орын - Шиелі ауданынан Нұрдар Қайымназаров
ІІІ орынды - Қызылорда қаласынан қатысқан Арай Әубәкірова иеленді.
Байқауға қатысқан барлық өнерпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Абайдың рухани мұрасын ұлықтауға атсалысқан барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!