2025 жылдың 25 шілде күні комиссия төрағасы Бектас Нуридиновтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Аталған жиынға комиссия мүшелері, прокуратура өкілі және тиісті мекеме басшылары қатысты.
Комиссияның күн тәртібіне сәйкес, «Білім бөлімі жанындағы қамқоршылық, қорғаншылық органдардың жұмыстары туралы» - Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы Салтанат Алдабекова, «Кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу шаралары туралы» - Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Назерке Базарбаева хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.