Қосымша білім беру – бала бойындағы жасырын қабілетті оятып, шығармашыл, жан-жақты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім жүйесі.
⠀
Ауданымызда Оқушылар үйі мен "Әлшекей" атындағы өнер мектебінде 36 үйірмеге 1539 оқушы қатысады. Үйірмелердің бағыты сан алуан:домбыра, қобыз, баян, вокал, көркемсурет, хореография,робототехника, мобилография,тоқыма, көркем сөз және ұлттық ойындар т.б.
⠀
Бұл үйірмелер оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға, дарынын дамытуға мүмкіндік береді.Талантты балалардың бұлақ көзін ашатын орталық – болашақтың шырақшысына айналады!