21 шілде күні ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы Рүстемов "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жұмыс сапары барысында Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық аурухана ғимаратына блок толықтыра отырып қайта жаңғырту жұмыстарын зерделеді.
Көп бейінді орталық аурухана ғимаратына блок толықтыра отырып қайта жаңғырту жұмыстары басталып қазіргі таңда екінші қабатын көтеріп, жабу кезеңіне келді. Құрылыс жұмыстары осы жылдың қазан - қараша айында толық аяқталып, 1 қабатында МРТ және ангиограф құрылғысы орнатылса,
2 қабатында 9 төсек орынды инсультті бөлімшесін орналастыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда аурухананың құрал - жабдықтармен жабдықталуы 90.0% құрап отыр.