Байкенже ауылындағы кездесу

Байкенже ауылындағы кездесу

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы Рүстемов және "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Жаңақорған ауданына іс-сапар барысында Байкенже ауылдық округіндегі 2024 жылы пайдалануға берілген № 193 орта мектебінде болып, білім ордасының қазіргі жай-күйімен танысты.
Халық қалаулысы мектептің материалдық - техникалық базасын, оқу кабинеттері мен спорт және акт залдарымен танысты.
Мұнан соң сенатор ауыл тұрғындарымен кездесіп, өтініш - тілектерін тыңдады.