Кенттегі құрылыс нысандарына бақылау жұмыстары жүргізілді

Кенттегі құрылыс нысандарына бақылау жұмыстары жүргізілді

Облыс әкімінің тапсырмасы аясында, Жаңақорған ауданы әкімінің 26.05.2025 жылғы №37 өкімімен құрылған жұмысшы топ Жаңақорған кентіндегі ғимараттардың сыртқы қасбеттерін ретке келтіру, сәулеттік келбетін қалыптастыру, абаттандыру, көркейту талаптарын сақтау және заңсыз құрылыстар бойынша қадағалау жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі күнге аудан әкімінің орынбасары Семсер Зұлпыхарұлы Сыздықов бастаған жұмысшы топ 293 нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, тиісті рұқсат құжаттары жоқ 54 нысанның меншік иелеріне ескерту жасалып, тиісті шара қолдану үшін Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасына жолданды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру байынша 40 кәсіпкерге ескерту хаттамасы толтырылды және 1 субъектіге айыппұл салынды.
Мұндай тексеру жұмыстары күшейтілген түрде жүргізіле береді.