Пресс-тур: БАҚ өкілдері жаңадан пайдалануға берілген аспалы көпірмен танысты

Пресс-тур: БАҚ өкілдері жаңадан пайдалануға берілген аспалы көпірмен танысты

15 шілде күні ауданымызда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған пресс-тур аясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Жаңақорғанның бірқатар нысандарын аралап, өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуымен танысуда.

Пресс-турдың алғашқы нысаны жуырда ғана пайдалануға берілген Жаңақорған кентіндегі теміржол арқылы өтетін аспалы көпір болды. Көп жылдан бері тұрғындар күткен бұл көпір ауданымыздың Сыр бойындағы ауылдардың аудан орталығына қатынауын едәуір жеңілдетіп, халықтың әлеуметтік жағдайына оң әсер ететін маңызды инфрақұрылымдық жоба.

Журналистер көпірдің құрылыс барысымен және оның маңыздылығымен танысып, тұрғындардың пікірін тыңдады.