6 шілде күні Шалқия кенті, Құттықожа елді мекенінде “Елнұр” демалыс орнының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанатына аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов және зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.“Елнұр” демалыс орнында ересектер мен балаларға арналған жүзу бассейндері, моншасы, тынығу аймақтарымен басқа да демалыс инфрақұрылымы қарастырылған. Нысан 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Шара соңында аудан әкімдігі мен ауыл тұрғындары атынан ел игілігіне арналған нысанды тұрғызған жергілікті кәсіпкер Ержан Қонусовқа алғыс білдіріліп, ізгі тілектер айтылды.