МЕРЕКЕ КҮНІҢМЕН!

МЕРЕКЕ КҮНІҢМЕН!

6 шілде күні Елордамыз Астана күні және шілде айының бірінші жексенбісіне сәйкес келетін Ұлттық домбыра күніне орай салтанатты мерекелік шара өтті. «Астана - елімнің тірегі, Домбыра - ұлтымның жүрегі» атты атаумен ұйымдастырылған іс-шара халықтың рухын көтеріп, ұлттық болмысты ұлықтауға бағытталды.

Аудан орталығындағы “Руханият” орталығының алдында өткен мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов жиналған жұртшылықты қос мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ұлттық мәдениетті дамытуға, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Өз сөзінде Астананың еліміздің дамуындағы тарихи маңызына тоқталып, Ұлттық домбыра күнінің ұлт руханиятындағы орны ерекше екенін атап өтті.

Шара барысында аудан өнерпаздары домбырамен күй төгіп, дәстүрлі әндер шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.