ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА

3 шілде күні ҚР Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов пен Мурат Абенов арнайы Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен келді. Іс сапар барысында халық қалаулылары аудан әкімі Мажит Самитов, "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитовпен бірге Жайылма елді мекеніндегі "Шоқымазар" шаруа қожалығында болып, шаруалармен пікірлесті.
Жайылма ауылдық округіне қарасты "Шоқымазар" шаруа қожалығы 2004 жылы құрылған. Құрамында 21 отбасы қамтылған. Шаруақожалықтың жалпы жер көлемі 492 га, ал егістік жері 124 га жерді құрайды.

Биылғы жылы шаруақожалық төрағасы Аян Әлімбайұлы 30 га бақша, 28 га жоңышқа, 4 га дәнді жүгері егіп отыр.
Жалпы Жайылма елді мекенінде ағымдағы жылы 50 га дәнді жүгері, 450 га жаңа жоңышқа, 92 га ескі жоңышқа, 13 га картоп, 26 га көкөніс, 525 га бақша, барлығы 1156 га ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Одан кейін халық қалаулылары Жаңақорған кенті аумағындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында орналасқан жаңа сервистік орталықтың құрылыс жұмыстарымен танысты.


Қазіргі заман талабына сай салынып жатқан қызмет көрсету кешенінде жолаушыларға барлық жағдай жасалынады. Мұнда 44 нөмірлі қонақжай, 70 адамға арналған тамақтану орны, 50 орындық монша, 50 орындық жолаушыларға қызмет көрсету бекеті және жанар жағар май бекеті, сондай ақ, электромобильді автокөліктерді аса қатты жылдамдықпен қуаттайтын арнайы бекетте қарастырылған.

Жобаның құрылтайшысы «Engineering & Construction Company» («ЕСС») ЖШС, жоба басшысы Ашимов Талғат алдағы уақытта бұл нысанда 20 дан астам аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтылатын айтып өтті.
Ары қарай Мәжіліс депутаттары Жаңақорған аудандық полиция бөлімі, Жедел басқару орталығының жұмысын көрді.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың қаңтар айында қалалық және аудандық полиция бөліністеріндегі кіші жедел басқару орталықтарын қаржыландыру жүктелген.

Осыған орай облыс әкімінің қолдауымен өңірдің 7 аудандық полиция бөліміндегі Жедел басқару орталығын құруға қаржы бөлді. Жаңақорған аудандық полиция бөлімінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кезекші бөлімшелерінде жедел басқару орталығы іске қосылды. Қазіргі таңда Жаңақорған кенті орталығында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 63 жерге барлығы 207 дана бейне бақылау камералары және жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде анықтайтын 7 дана стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс тіркелуі 8,3 пайызға төмендеген. Сондай ақ, 2520 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 18 млн 562 мың теңге айыппұл салынған.

Мәжіліс депутаттары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.