2025 жылғы мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау және аттестат тапсыру кезеңінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында, аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мектеп түлектерінің көлікпен (кортежбен) шеру ұйымдастыруы қатаң тыйым салынған. Бұл шешім жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі мақсатында қабылданған.
Осы орайда картежге келген көлік иелеріне мектеп бітірушілердің өмірі мен қауіпсіздігі – бәрінен маңызды екені түсіндірілді. Жергілікті полиция қызметі мен білім беру ұйымдарына осы бағытта бірлесіп жұмыс істеу тапсырылды.
Жас түлектерді қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға, ал ата-аналарды балаларының тәртібіне назар аударуға шақырамыз.