«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2025» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2025» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

19 маусым күні сағат 10.00-де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлының төрағалығымен, «Мерейлі Отбасы 2025» ұлттық конкурсының аудандық деңгейіндегі комиссияның отырысы өтті.

Байқауға 43 отбасы қатысуға өтінім білдіріп, конкурс ережесінің талаптары мен критерийлеріне сәйкес 29 отбасының құжаттары қабылданды. Комиссия отырысына жинақталған құжаттар «Мерейлі Отбасы 2025» конкурсының бекітілген ереже талаптарына сай қаралып, облыстық екінші іріктеу кезеңіне жолданатын отбасылар анықталды. Комиссия отырысына жинақталған құжаттар «Мерейлі Отбасы 2025» конкурсының бекітілген ереже талаптарына сай қаралып, облыстық екінші іріктеу кезеңіне жолданатын отбасылар анықталды.

Айта кету керек, «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының негізгі мақсаты өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған.