АУДАН ӘКІМІ МАНАП, ТАЛАП, ЖАМАНБАЙ БАТЫР, ҚОСҮЙЕҢКІ, ҚЫРАШ, АҚҮЙІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ  МАНАП, ТАЛАП, ЖАМАНБАЙ БАТЫР, ҚОСҮЙЕҢКІ, ҚЫРАШ, АҚҮЙІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мажит Самитов Манап, Талап, Жаманбай Батыр, Қосүйеңкі, Қыраш, Ақүйік ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесу барысында аудан басшысы алдымен жыл басынан бері Мемлекет басшысының және аймақ басшысының қолдауымен облыс көлемінде, Жаңақорған ауданында атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Ауданның тау беткейінде орналасқан ауылдардың тыныс-тіршілігі сырттай ұқсас көрінгенімен өздеріне тән артықшылықтары мен проблемалық мәселелері әртүрлі. Дегенмен, ауылдардың өзекті мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бірлік, Қыраш ауылдары көгілдір отынға қосылған болса, Манап, Қосүйеңкі ауылдарында электр желісі жаңғыртылуда, Жаманбай батыр, Қыраш, Ақүйік ауылдық округтерінде бірнеше көше күрделі, орташа жөндеуден өткізіліп, шешімдерін табуда.

Талап, Манап ауылдарындағы ауыз су, аяқ су мәселелерін шешуге бағытталған жобалар ауыл тұрғындарының көңілінен шықты.
Кездесулер өткен ауылдық округ халқы Мемлекет басшысының, аймақ басшысының атқарып жатқан жұмыстарына, жасап жатқан қолдауларына ризашылықтарын білдірді.

Аудан әкімі Мажит Самитов әр ауылдағы көтерілген мәселелер мен ұсыныс-пікірлерді тыңдап, олар бойынша арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, кезең-кезеңімен шешімін табатындығын жеткізді.
Кездесу жиындарына аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, аудан әкімінің орынбасарлары мен тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.