АУДАН ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес, бүгін аудан әкімі Мажит Самитов Сунақата, Екпінді, Қожамберді, Төменарық және Сүттіқұдық ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бұл кездесулерде ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар және тұрғындардың өзекті мәселелері талқыланды.
 
Кездесу жиынына аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, аудан әкімінің орынбасарлары мен тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.
 
Елді мекен тұрғындарымен дидарласқан аудан басшысы жыл басынан бері атқарылып келе жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
 
Сондай ақ, аудан әкімі Мажит Самитов әрбір кездесулерде көтерілген барлық мәселелердің назардан тыс қалмайтынын және кезең-кезеңімен шешім табатынын жеткізді.