АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 16 мамыр күні аудан әкімі Мажит Самитов Шалқия кенті, Байкенже, Кейден және Жайылма ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Бұл кездесулерде ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар және тұрғындардың өзекті мәселелері талқыланды.

Тұрғындармен кездесу жиынына аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, аудан әкімінің орынбасарлары Бақтияр Ахметов, Семсер Сыздықов және тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары арнайы қатысып, көптің сауалына жауап берді.

Аудан әкімі Мажит Самитов тұрғындармен ашық диалог форматында өткен кездесулерде көтерілген барлық мәселелердің назардан тыс қалмайтынын және олардың шешілуі үшін жүйелі жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Тұрғындар өз кезегінде аудан басшысының алдында өздерін толғандырып жүрген мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.