Алғашқы сапары ауданымыздың оңтүстігіндегі шалғай елді мекендер Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Аққорған ауылдық округінен басталды.
Аталған елді мекендерде тұрғындар тарапынан елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету, егін және аяқ су мәселелері айтылды. Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі және салаға жауапты тиісті басшылар тарапынан түсіндірмелер берілді. Аудан басшысы тұрғындардың мәселелерін тыңдап, заңдылығына сәйкес шешу жолдарын қарастыратынын және әрбір мәселе өз бақылауында болатынын жеткізді.