АУДАН ӘКІМІ АҚҚҰМ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ БОЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ АҚҚҰМ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ БОЛДЫ

03 маусым күні аудан әкімі Мажит Самитов Кейден ауылдық округіне қарасты Аққұм елді мекеніне барып, жақын күндері орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін Н.Нарымбетов және С.Өтегенов көшесінде мердігер мекеменің өкілдерімен кездесті. Аудан басшысы жол сапасына баса назар аудару қажет екендігін, ауыл тұрғындарының ұзақ жылдар бойы айтылып келген өтінішін сапалы әрі уақытылы орындау жөнінде еске салды.

Сондай ақ, аудан басшысы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында елді мекендегі білім беру, медициналық ұйымдарды және көшелерді санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстары бойынша аралап, тазалық жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруды және аталған кемшіліктерді дер кезінде жоюды ауыл әкіміне және мекеме басшыларына тапсырды.