Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен актив жиыны өтті.
Жиын барысында 1 маусым күні өткен Көктөбе, Манап, Қожамберді ауылдық округі әкімдерінің сайлауы нәтижелері хабарланды. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Өмірбек Ильясов дауыс беру нәтижесі бойынша сайлаушылардың басым дауысына ие болған Жанболат Пернебайұлы Байбабаев Көктөбе ауылдық округінің әкімі, Ербол Палахметұлы Әлменов Манап ауылдық округінің әкімі, Нұрқасым Әбдіқалықұлы Сейтқасымов Қожамберді ауылдық округінің әкімі болып сайланғанын атап өтіп, ауыл әкімдеріне куәлік табыстады.
Аудан басшысы жаңадан сайланған ауыл әкімдерінің еңбек жолына тоқталып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ел сенімін ақтау үшін аянбай еңбек етуді және тұрғындардың өтініш тілектеріне құлақ асып, жоспарға сай жұмыс жасау ауыл әкімдерінің басты міндеті екенін айтып өтті.
Сонымен қатар, жиында аудан басшысы Көктөбе және Манап ауылдық округтерінің әкімі қызметін атқарып келген Боран Абуов пен Нұрбек Бексұлтановқа ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына, көркеюіне сүбелі үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.
Актив жиынында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов жылы лебізін білдірді.