
28 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Жәрдемұлы Мендалиев Жаңақорған ауданы әкімдігі мен ауданға қарасты мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың жастарымен кездесіп, осы жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталатындығы туралы ақпарат ұсынды.
Департамент басшысы Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба екендігін айта келе, жобаның негізгі мақсаты - дарынды, бастамашыл, жаңаша ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту екендігін атап өтті.
Президенттік жастар кадр резерві жобасының негізгі мақсаты мен міндеттері, жобаның өңірдегі жүзеге асырылуы және мемлекеттік қызметке талантты жастарды көптеп тару бағытында атқарылған іс – шараларға кеңірек тоқталып өтті.
Кездесу соңында аталған іріктеуге қызығушылық танытқан жастардың сұрақтарына жауаптар берілді.