БАСКЕТБОЛДАН ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

БАСКЕТБОЛДАН ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қызылорда қаласында өткен Жергілікті атқарушы органдар арасында республикалық спартакиадаға облыстық іріктеу жарысы бағдарламасының баскетболдан ерлер арасында өткен жарыста Жаңақорған ауданының мемлекеттік қызметкерлері жеңімпаз атанды.

Команда құрамында өнер көрсеткен:
Жолдасбеков Алмас - аудандық маслихат аппаратының басшысы

Керімбеков Мақсат - аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы

Тұрапов Жасұлан - ауылшаруашылығы мен жер қатынастар бөлімінің бас маманы

Айтамағанбетов Бексұлтан - аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы

Сейтқасым Нұрқасым - Қожамберді ауылдық округінің әкімі

Нұрлыбеков Дінмұхамед - Қожамберді ауылдық округінің бас маманы

Жеңімпаз команда маусым айында Өскемен қаласында өтетін Республикалық спартакиадаға жолдама алды.

Сондай - ақ, баскетболдан әйелдар арасындағы тартысты бәсекеде 8 команда қатысқан, ішінен 3-4 орындарға таласқа түскен соңғы сәтте Жалағаштан бір ұпай кем алып, 4 орынға жайғасты.

Команда құрамында:
Мырзабаева Назерке - Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бас маманы

Туребекова Меруерт - М.Нәлібаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Исабекова Аякөз - Қыркеңсе ауылдық округінің бас маман-есепшісі

Сапиева Мейрамкүл - аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы

Ақшабақова Гүлнұр - Жаңақорған кенті әкімі аппаратының бас маманы

Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!