Аудан әкімі Мажит Самитов Келінтөбе ауылдық округінде салынып жатқан спорт кешеніне барды.
Спорт нысанының құрылысы "Ауыл - ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Бұл жоба ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын ұстауға мүмкіндік беретін маңызды инфрақұрылымды нысандарының бірі болып табылады.
Құрылыс жұмыстарын жүргізуші "Алтын Айдарлы" ЖШС. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Спорт кешенінің сыртқы сэндвич панельдері монтаждалып, ғимараттың қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде. Спорт кешені биылғы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстары сапалы және белгіленген талаптарға сай орындалуы қажет екенін және құрылыс барысы тікелей өзінің бақылауында болатынын айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.