Аудан аумағында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мерекелік күшейтілген рейдтік шаралар өтуде.
Негізгі мақсаттар:
Білім алушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу;
Топтық заңсыз жиындарды болдырмау;
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасыз көшеде жүруіне жол бермеу.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қауіпсіздігі – сіздің жіті назарыңызда болуы тиіс. Түнгі уақытта олардың үйде болуын қадағалаңыздар.
Балалардың амандығы – бәріміз үшін маңызды! Осы себепті, рейдтік бақылау шаралары алдағы күндері де жалғасын табады.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!