Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау 23 немесе 24 мамырда соғылады

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау 23 немесе 24 мамырда соғылады

Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 млн-нан астам оқушы қорытындылайды. Оның ішінде 217 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.
 
Ал соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектебінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.