Лого
Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
30 апреля 2026
Жаңақорғанда алқапқа дән себілді

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың қатысуымен Қаратөбе ауылдық округіндегі «Сұңқар» шаруа қожалығының егіс алқабында «Дала күні-2026» семинар-кеңесі өтті. Шараға қатысушылар алдымен ауыл шаруашылығы көрмесін тамашалап, саладағы заманауи техникалар мен озық тәжірибелермен танысты. Әрі қарай шара «Дала күні» семинар-кеңесімен жалғасты. Семинарда аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев көктемгі егіске дайындық барысы туралы баяндады. Ал «Жаңақорғансушар» өндірістік учаскесінің басшысы Әбдімажит Ахметов шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету мәселелері туралы хабарлама жасады. «Сұңқар» шаруа қожалығының төрағасы Құлмағанбет Исаханов егіс жұмыстарына дайындық деңгейін таныстырса, «Әмір» шаруа қожалығының төрағасы Ахтан Пиренов су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы тәжірибесімен бөлісті. Аудан әкімі өз сөзінде диқандарға күріш егу науқанын агротехникалық талаптарға сай, белгіленген мерзімде сапалы аяқтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, су ресурстарын тиімді пайдалану, жаңа технологияларды кеңінен енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды. Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, шаруалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Семинар соңында аудан басшысы сала ардагерлерімен бірге егіс алқабына дән сеуіп, диқандарға мол өнім мен берекелі жыл тіледі.

30 апреля 2026
Ауданда экономика салаларына жасанды интеллектті енгізу мәселесі қаралды

Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен өткен «Экономика салаларына жасанды интеллектті енгізу жұмыстары туралы» жиыннан соң, аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан басшысы экономиканың барлық салаларына заманауи цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен енгізудің маңыздылығына тоқталды. Осы бағытта барлық мемлекеттік қызметшілерді 100% жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану дағдыларына оқыту, жедел басқару орталығының үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету міндеттелді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейту, киберқауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Күн тәртібінен тыс 2025 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында кент және ауылдық округ тұрғындарымен өткізілген кездесулер барысында көтерілген мәселелердің орындалу барысы қаралды. Аудан әкімі өткен жылғы кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген 2 мәселенің тиісті деңгейде орындалмағанын сынға алып жедел орындалуын тапсырды. Жиын қорытындысы бойынша аталған бағыттарда жұмысты жандандыру үшін жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді. "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында көрекейту- көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыру керектігін тапсырды.

30 апреля 2026
Мамырда қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр наурыз айы сияқты мерекеге толы:

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

9 мамыр - Жеңіс күні;

27 мамыр - Құрбан айт.

Жеңіс күні сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 11 мамырға ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар келесі айда 14 күн демалады.

30 апреля 2026
Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен өткен мәжілісте аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Нариман Үсенұлы Жакудаев таныстырылды.

Жиында аудан басшысы жаңа орынбасардың еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесіне кеңінен тоқталып, оның білім беру мен мемлекеттік басқару салаларында жинақтаған тәжірибесі жауапты қызметті абыроймен атқаруға негіз болатынын атап өтті. Сондай-ақ, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, үлкен сенім артылатынын жеткізді.

Нариман Үсенұлы Жакудаев 1991 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «География пәнінің мұғалімі», Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылындағы №224 орта мектебінде география пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Әр жылдары «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалында консультант, №245 орта мектебі директорының орынбасары, №221 жалпы орта мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

2025 жылдың сәуір айынан бастап осы күнге дейін Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы ретінде табысты еңбек етіп, салада бірқатар жүйелі жұмыстардың жүзеге асуына үлес қосты.

Нариман Үсенұлы аудан әкімінің орынбасары ретінде идеология саласына жетекшілік ететін болады. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, қоғамдық даму және әлеуметтік қорғау бағыттарын үйлестірумен қатар, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Жиын соңында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Дәулет Қалыбаев жаңа тағайындауға байланысты пікірін айтып, жаңа қызметте табыс тіледі.

30 апреля 2026
Егін науқанына дайындық мәселелері талқыланды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Мадиярұлы Ахметовтың төрағалығымен мәжіліс  өтті.

Мәжіліске аудан прокуроры Бахытхан Бөлеулиев, тиісті сала басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері және шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Мәжіліс барысында 2026 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық барысы, сондай-ақ егіс алқаптарына су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты түсіндірме жұмыстары қаралды.

Жиында аудан әкімінің орынбасары соңғы жылдары өңірде вегетациялық кезеңнің күрделі жағдайда өтіп жатқанын, соған қарамастан Мемлекет басшысы мен Үкіметтің, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауының арқасында салада жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Мәжіліс барысында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Рысбек Шайхиев өңірдегі егіс науқанының ұйымдастырылуы мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

Сондай-ақ, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал – Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысы Зейнолла Қазтоғанов су ресурстарын тиімді бөлу, лимиттерді сақтау және заң талаптарын қатаң ұстану қажеттігін атап өтті.

Ал «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы Нәжмадин Шамұратов су жеткізу қызметінің тарифтері, су беру кестесі және шаруалармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мәжіліс соңында аудан әкімінің орынбасары жауапты сала басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, вегетациялық кезеңді сапалы өткізу, су ресурстарын тиімді әрі үнемді пайдалану, сондай-ақ диқандармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу қажеттігін қатаң тапсырды.

Сонымен қатар, барлық шаруашылық құрылымдарын жаңа технологияларды енгізуге, суды үнемдеу тәсілдерін кеңінен қолдануға шақырып, атқарылатын жұмыстардың нәтижесі

30 апреля 2026
Аудан әкімі жол құрылысын бақылады

Биыл Жаңақорған ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және елді мекендердің ішкі жолдарының сапасын арттыру бағытында бірқатар жұмыстар жоспарланған.

Осыған орай, аудан әкімі Мажит Самитов Жаңақорған кентіндегі А.Иманов, А.Мұхамеджанұлы көшелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және Ш.Мұсахметов, Ж.Құлымбетов көшелеріндегі жол жабынын жаңалау жұмыстарының барысын бақылады.
Аудан басшысы мердігер мекеменің өкілдеріне жол құрылысының сапасына ерекше мән беруді және барлық жұмыстарды белгіленген кестеге сәйкес уақытылы аяқтауды қатаң тапсырды.

Салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Сапарбаев пен кент әкімі Жасұлан Бейсенбековке атқарылып жатқан жұмыстарды күнделікті бақылауда ұстап, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

30 апреля 2026
Ауданда инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралды

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі облыс әкімінің төрағалығымен өткен «Инклюзивті саясатты іске асыру шаралары туралы» жиыннан соң, аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан басшысы аудандағы қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстарының барысына тоқталды. Атап айтқанда, қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген бірқатар нысандарда жоспарланған жұмыстардың уақытылы орындалмай отырғанын сынға алды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру бағытындағы жұмыстардың жеткіліксіз деңгейде жүргізіліп отырғанын атап өтті.

Осыған байланысты тиісті сала басшыларына қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жандандыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту бағытындағы шараларды күшейту тапсырылды.

Күн тәртібінен тыс бірқатар өзекті мәселелер де қаралды. Атап айтқанда, соңғы бес жылда бюджет қаражаты есебінен салынған және құрылысы жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандар сапасына бақылауды күшейту, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылдау міндеттелді.

Сонымен қатар, көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы түнгі рейдтер, макроэкономикалық көрсеткіштер, жаз мезгілінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері қаралып, тиісті сала басшыларына алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

 

20 апреля 2026
Аудан активінде кадрлық өзгерістер таныстырылды

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиын барысында бірқатар кадрлық өзгерістер мен жаңа тағайындаулар таныстырылды.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келген Нуридинов Бектас Балғабайұлын облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметіне ауысуына байланысты құрметпен шығарып салды. Аудан басшысы оның қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік салалардың дамуына қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтті. Атқарған еңбегіне ризашылық білдіріп, ауданның ең жоғары марапаты – Құрмет грамотасын және “Жаңақорған ауданының дамуына қосқан үлесі үшін” төсбелгісін табыстады.
Одан кейін жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасары таныстырылды. Бұл лауазымға Сапарбаев Қайрат Әбдірахманұлы тағайындалды. Ол бұған дейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін табысты атқарып келген тәжірибелі басшы. Жаңа қызметінде құрылыс, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және автомобиль жолдары салаларына жетекшілік ететін болады. Аудан әкімі оған үлкен сенім артылып отырғанын атап өтіп, жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына Сүлейменов Нұржан Асқарұлы тағайындалды. Нұржан Асқарұлы – мемлекеттік қызметте сатылап өсіп, мол тәжірибе жинақтаған білікті маман. Ол бұған дейін аталған бөлімде сектор меңгерушісі қызметін атқарып келген.
Бұдан бөлек жиын барысында жаңадан сайланған Жаңарық ауылдық округінің әкімі Бауыржан Әбдіхалықов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған Ғафур Ақмырзаев таныстырылып, оларға жаңа қызметте табыс тілеп, тиісті міндеттер жүктеді.
Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов сөз сөйлеп, орын алған кадрлық өзгерістерге байланысты ізгі тілегін білдіріп, жаңадан тағайындалған азаматтарға табыс пен сәттілік тіледі.

20 апреля 2026
Сығанақ қалашығы мен сунақата кесенесі аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудандағы тарихи-мәдени және киелі орын Сығанақ қалашығы мен Сунақата кесенесі аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған игі бастамаға аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақтияр Ахметов, ел ағалары, мекеме қызметкерлері, қоғам белсенділері, жастар және жергілікті тұрғындар белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен келбетін жақсартуға өз үлестерін қосты.
Шара барысында қасиетті орындардың аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді.

16 апреля 2026
Еркін күрестен республикалық турнир басталды

Бүгін Жаңақорған кенті, Алпамыс батыр атындағы дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде ұлағатты ұстаз, білікті бапкер Серік Әбдрахмановты еске алуға арналған 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында Республикалық турнир басталды.
Республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов, сондай-ақ еркін күрестен бапкер, ұлағатты ұстаз Орынбек Жолшиев қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, жарыстың жоғары деңгейде өтіп, үздіктердің анықталуына тілектес екенін жеткізді.
Турнирге Дағыстан елінен, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Алматы, Шымкент қалаларынан 10 команда 220 спортшы қатысуда.
Жарыс 17 сәуір күні қорытындыланады.

Социальные сети
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты