Аудан тұрғындарын алдағы жылыту маусымына қажетті көмір отынымен қамтамасыз ету мақсатында Жаңақорған кенті, Ә. Бектібаев көшесі №80 мекенжайында орналасқан отын қоймасына 2000 тонна «Шұбаркөл» маркалы көмір жеткізілгенін хабарлаймыз.
Көмірдің 1 тоннасының бағасы – 24 700 теңге.
Қазіргі таңда тұрғындар көмірді кезексіз, жүк көліктерінің кептелісінсіз еркін түрде сатып ала алады.
Осыған байланысты жылыту маусымына қажетті көмір қорын алдын ала қамтамасыз етіп алуға шақырамыз.