Лого
Меню
Страницы

СЭБ бойынша есепті қарау туралы хабарландыру

СЭБ бойынша есепті қарау туралы хабарландыру
 
 

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI Экологиялық кодексінің 57-бабы 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік орган – әзірлеуші стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті оның сапасын бағалау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің бас жоспары. Түзету» қала құрылысы жобасы бойынша стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп келіп түсті.

Бас жобалаушы: «Казахстанский ПИ «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.

Тапсырыс беруші: «Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  • Жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және не үшін?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Қарастырылып отырған жобалау кезеңінің басталу және аяқталу мерзімдері:

 - бастапқы жыл - 2024 ж.;

 - құрылыстың бірінші кезегі - 2030 ж.;

 - есептік мерзім - 2040 ж.

Ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша іс-шаралар мерзімі: 2025 жылдың 17 желтоқсанынан бастап, 2026 жылдың 16 қаңтарына  дейін (ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылдың 16 қаңтары).

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі -  Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8,  Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83, 8 7076173174.

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;

- 8 7076173174 «WhatsApp» номеріне.

СЭБ бойынша  материалдар:

1) Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

2) тапсырыс беруші Жаңақорған ауданы әкімдігінің сайтында.

 

 

 
 

 


 

 

Социальные медиа
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты