Ауыл әкімі Ә.Бөкеевтің бастамасымен, сауда-саттықпен айналысатын Жайылма ауылындағы кәсіпкерлерді «Арақсыз ауыл» жобасын жүзеге асыру үшін алкоголь өнімін сатудан бас тартуға шақырды. Мұндағы басты мақсаты - өскелең ұрпаққа өнеге тәрбие жолын көрсету, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерге бой алдырмауға үйрету. Бұл өз кезегінде, қоғамда қылмыстың, зорлық зомбылықтың, нашақорлықтың алдын алуға септігін тигізері анық! Өйткені елімізде әр үшінші қылмыс спирттік ішімдікті шамадан тыс тұтыну салдарынан жасалады.
Жиын барысында сөз алған УПИ-ры Ә.Оспанов: «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 200 бабын толықтай түсіндіріп, кәсіпкерлердің өздеріне тиесілі азық-түлік дүкендерінің терезелерін темір торлап, бейне бақылау орнату керектігін ескертіп айтып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің азық-түлік дүкенінде сатушылық қызмет атқаруға болмайтындығын және жасөспірім балаларға темекі, алкогольдік заттарын сатуға болмайтындығын түсіндірді.
Жиналыс қорытындысымен УПИ-ры, полиция майоры Ә.Оспанов ауыл кәсіпкерлері, дүкен иелеріне жеке – жеке арнайы кіріп, арақ – шарап сатпау турасында түсіндірме хат таратты.
