Мәдениет күні.

Мәдениет күні.

«Мәдениетті елдің мәртебесі биік» атты бұл мерекелік кеш – Мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерге деген зор құрмет пен ризашылықтың көрінісі. Кеш барысында елдің рухани дамуына үлес қосып жүрген мәдениет қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі бағаланды.
Салтанатты шарада әуезді әндер шырқалып, көркем сөздер арқылы қазақ халқының бай мәдениеті көрермен елге ұсынылды.
Бұл кеш – өнер мен руханиятты ұлықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ел мерейін асыратын тағылымды бас қосу болды.