7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалды, сонымен қатар соғыста қаза тапқан ерлердің рухына Құран бағышталып, олардың ерлігіне тағзым етілді.