
Қаратөбе ауылдық округіндегі № 322 Референдум учаскесі 15 наурыз күні таңғы 06:00 ден өз жұмысын бастап кетті. Ауыл әкімі, Жергілікті қоғамдастық төрағасы мен мүшелері, Ардагер ұстаздар мен ең қарт кісіліер, отбасымен толық келіп тапсырғандар болды. Жаңадан шаңырақ көтерген, ең алғаш келіп дауыс берген, ең алғашқы дауыс берушілерге арнайы сый-сияпат жасалды. Мүмкіндігі шектеулі, қарт кісілердің үйлерінен дауыстары алынды.