Нұрмахан Елтайдың «Әр кәлләда бір қиял» кітабының тұсаукесері өтті

Нұрмахан Елтайдың «Әр кәлләда бір қиял» кітабының тұсаукесері өтті

Тұсаукесер рәсіміне әдебиет пен журналистика саласының өкілдері, автордың шығармашыл достары қатысты. Іс-шара барысында автордың шығармашылық жолы мен сатиралық туындыларының маңыздылығы атап өтілді. «Әр кәлләда бір қиял» кітабы – Нұрмахан Елтайдың өмірлік тәжірибесі мен шығармашылық ізденістерінің нәтижесі. Бұл туындыда автор қоғамдағы түрлі құбылыстар мен адамдардың мінез-құлқын сатиралық тұрғыда бейнелеп, оқырманды ойландырады әрі күлдіреді.