Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының ауылдық, аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған.тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлығына сәйкес аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өткізілген облыстық «Үлгілі елді мекен» конкурсы бойынша 2023 жылы Жаңақорған кенті «Үлгілі аудан» орталығы номинациясының жеңімпазы атанғаны белгілі.
Облыс әкімі Н.Нәлібаев салтанатты түрде қоқыс таситын камаз көлігі, арнайы жол тазалайтын камаз көлігі, ассенизатор машинасы және кран манипуляторы көлігін жұртшылықтың қошеметімен табыстаған болатын.
Қазіргі таңда қоқыс таситын камаз көлігі, арнайы жол тазалайтын камаз көлігі, ассенизатор машинасы және кран манипуляторы туған жердің тазалығына кент орталығын көркейтуге, көгалдандыруға ел игілігіне пайдалануда.