Қарттар асыл қазынам

Қарттар асыл қазынам

Қарттар күніне орай Жаңақорған кенті әкімдігінде бір топ ақсақалды алақанға салып ардақтады, өнегелі жолын өзектеп, кент әкімдігінен зейнетке шыққан ардагерлерге сый-сияпат жасалды.

Кент әкімінің орынбасары Ақжан Тұрғанбаев «Ардагердің түбірі ар сөзі болса, ол- ұлылықтың, ұяттың, ұлағаттың, арда емген абырой биігінің шоқтығы.Міне, осындай озық белес ақсақал, абыздарға тән десек, бүгінгі шараның да шынайы үлгісіне сіздерді қосамын.Қартаюға уақыт үстемдігі жеткізеді, бірақ әдемі қартаю әркімге бұйыра бермейді. Біз сол әдемі қартаюдан жазбайық.» деп жүрекжарды тілегін жеткізді.