2026 ЖЫЛДЫҢ 1 ШІ ШІЛДЕСІНЕН БАСТАП ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ.

2026 ЖЫЛДЫҢ 1 ШІ ШІЛДЕСІНЕН БАСТАП ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ.

Қазақстандықтарға үй маңындағы  басқаның қоқысы үшін  де айыппұл  салынады.  Жаза 432 мың  теңгеге дейн  жетеді.

            Қазақстанда енді үйдің маңындағы басқа қоқыс үшін де  жауапкершілік күшейді. Жаңа ережеге сәйкес, меншік иелері ауласынан тыс бес метрлік аумақтың тазалығына жауап береді., ал айыппұл көлемі 432  мың теңгеге   дейн  жетуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат  агенттігі  хабарлайды.

            2026 жылдың  1 шілдедесінен бастап Қазақстанда елді мекендерді абаттандырудың жаңартылған ережелері күшіне енді. Енді жеке тұрғын үйлер мен комерциялық нысандардың иелері өз  аумағын ғана емес,  ғимарат немесе қоршау айналасындағы 5 метрге дейінгі іргелес аумақтың тазалығына дажауап береді.

            Жаңа талаптарға сәйкес, осы аумақта қоқыс, құрылыс материалдары, отын,  тыңайтқыш, тіркемелер немесе ұзақ уақыт тұрған көліктерді қалдыруға болмайды. Құм , қиыршақ тас, отын сияқты материалдар әкелінсе, оларды мүмкіндігінше тез арады өз жер теліміне кіргізу қажет.

            Сонымен қатар меншік иелері:

  1. іргелес аумақты тұрақты түрде тазалануға;
  2. арамшөптерді шабуға;
  3. қыста қар мен мұзды тазалауға;
  4. қоршау мен қасбетті күтіп ұстауға;
  5. үйдің нөмірлік белгісін орнатып, оның сақталуын қамтаматсыз етуге міндетті.