«Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс хабарламасы.

«Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс хабарламасы.

Ұйымдастырушы:

«Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Орналасқанжері:

Жаңақорғанкент, МанапКөкеновкөшесі №35

Байланыс телефоны:

8 (72435) 22-6-05,pos-akim@inbox.ru

Мекемебасшысы:

БейсенбековЖасұланАсанұлы–«Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, кент әкімі

Өтінімдердіқабылдаумекенжайы:

Индекс 120300, ҚазақстанРеспубликасы, Қызылордаоблысы, Жаңақорғанауданы, Жаңақорғанкенті, МанапКөкеновкөшесі №35

Өтінімдердіберумерзімі:

2026жылғы «22» сәуірден 2026жылғы «15» мамырғадейін

Жұмыскестесі:

дүйсенбі-жұма 9: 00-ден 19.00-ге дейін, түскіүзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін

Өтінімдердіберудіңбасталукүні:

2026жылғы «22» сәуір

Өтінімдердіберудіңаяқталукүні:

2026жылғы «15» мамыр, сағат 11.00

Көрсетілгенмерзімөткенненкейінкеліптүскенөтінімдерқабылданбайтынынатапөтеміз

 

Конкурстың мақсаты-Қазақстан Республикасының Экология кодексіне, «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 бұйрығына сәйкес, Жаңақорған кенті бойынша тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау.

Жаңақорған кентінің санитарлық жағдайын жақсарту және қалдықтарды басқару жүйесін тиімді ұйымдастыру.

 

Лоттарғабөлу

Лотатауы

Қамтылатынаумақтар

Қызметсипаттамасы

1

Мөлтекаудандар

«МАИ бекеті», «Иппадром», «Саяжай» мөлтекаудандарындағы көшелер

Жеке тұрғын үйлер, аптасына 2 ретарнайытехникаменшығару

2

Темір жолдың батыс жақ беті

Темір жолдың батыс жақ бетіндегі көшелер Жаңауыл мөлтекауданындағы көшелерді қоса алғанда

Жеке тұрғын үйлер, аптасына 2 ретарнайытехникаменшығару

3

Темір жолдың шығыс жақ беті

Темір жолдың шығыс жақ бетіндегі көшелер Тәуелсіздік көшесін қоса алғанда

Жеке тұрғын үйлер, аптасына 2 ретарнайытехникаменшығару

           

            Қызмет көрсету талаптары

  1. Жеке секторға апта сайын кемінде 2 рет қызмет көрсету.
  2. Барлық техникалар GPS жүйесімен жабдықталған болуы тиіс.
  3. Экологиялық талаптарға сәйкес қалдықтарды рұқсат етілген полигонға жеткізу.
  4. Арнайы техника (қоқыс таситын көлік,тиегіш көлік және қысқы техника) және резервтік көлік қарастырылуы қажет.
  5. Қызмет көрсететін қызметкерлердің арнайы киіммен және құралдармен жабдықталуы.
  6. Әр аумақта хронометраж (рейс уақыты) және нақты кесте бекітілуі керек.

 

Құқықтық негіздер және рұқсаттардың болуы

Конкурсқа қатысу үшін келесі заңнамалық талаптар сақталуы тиіс:

– ҚР Экология кодексі (2007 ж. 9 қаңтар, №212-III) талаптарын сақтау;

– «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 бұйрық талаптарын сақтау;

– ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң талаптарын сақтау;

–Кәсіпорын немесе кәсіпкерлік субъектінің Жарғысында тиісті жұмыс түрлерімен айналысу қызметінің болуы;

  • Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі мемлекеттік органдардың тиісті жұмыс түрлерімен айналысуға келісімінің болуы.

 

Өтінімдер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінен (дара кәсіпкерлерден немесе заңды тұлғалардан) қабылданады.

Әлеуетті қатысушы конкурсқа қатысуға өтінімді конвертте мөрлейді, оның бет жағында әлеуетті қатысушының толық атауы және пошталық мекенжайы (егер ол «кеш» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашылмаған түрде қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурстың атауы, «_______» ауданы, №___ лот, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «Жаңақорған кентінің «______» ауданының аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс» және «2026 жылғы 15 мамыр сағат 11.00-ге дейін ашпаңыз», көрсетілуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурсты ұйымдастырушыға «15» мамыр күні сағат 11.00-ге дейін қосқанда, қолма-қол немесе мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы 120300, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №35, конкурстық комиссияның хатшысы Әбдікәрім Ерболат Құлманұлы, тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы Жаңақорған кенті әкімі аппаратының ресми сайтынан жүктеп алуға немесе Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №35 мекенжайы бойынша қолма-қол алуға болады (өзімен бірге флэш-жинақтағыш болуы керек).

 

 

«Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы