КЕНТТІҢ КЕЛЕШЕГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

КЕНТТІҢ КЕЛЕШЕГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Кенттің келбеті-тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен қоғамдағы жауапкершіліктің айқын көрінісі. Осы орайда кенттің дамуы мен көркеюіне бағытталған жұмыстармен қатар, кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар кең көлемде талқыланды. Осы мақсатта кенттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Серқожа Ыдырысов, көше комитеттері кент әкімдігі және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері  кезекті бірлескен жиын өткізді. Кездесу барысында кент аумағында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға жан-жақты талдау жасалып, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер көтерілді. Жиынға төрағалық еткен кент әкімі Жасұлан Бейсенбеков кенттің дамуы мен көркеюіне бағытталған жоспарларымен бөлісті. Ол инфрақұрылымды жақсарту, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге қойылған нақты міндеттерді ортаға салды. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері  ескеріліп, шешімін табуы тиіс мәселелер кезең-кезеңімен жүзеге асатынын атап өтті.