БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС

БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС

«Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жаңақорған қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директоры бос лауазымына қайта  конкурс жариялайды.

Конкурс өткізілетін орны: «Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі № 35. Телефон: 8(72435) 226-05, 8-775-159-53-61.

Кәсіпорынның атауы: ««Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жаңақорған қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, индекс 120300, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі № 35. Телефон: 8(72435) 226-05, 8-775-159-53-61.

Кәсіпорынның қызметі санитарлық тазалық бойынша қызмет.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру болып табылады.

Кәсіпорын мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) «жинастыру бойынша өзге қызмет», оның ішінде «көше сыпыру, қар мен мұзды жинастыру»;

2) «аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет», оның ішінде «жасыл аймақтарды егу, күтім жасау және қызмет көрсету»;

3) «қауіпсіз қалдықтарды жинау».

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Бизнес, басқару және құқық (құқық); инженерлік, экономика, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс және/немесе транспорт) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Елді мекендердің санитарлық тазалағын қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары, сондай-ақ өзге де құрылыс монтаж жұмыстары, орташа және жеңіл құрылыстарды жүргізу саласындағы қызмет өтілі 5 (бес) жылдан кем болмау керек.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпия туралы», нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы кәсіпорын қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі;

Сонымен қатар, конкурсқа қатысушылардың уәкілетті органмен бекітілген кәсіпорын басшысының біліктілік талаптарына және лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес кәсіби білімі тексеріледі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде «Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.

 

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: «Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі № 35. Телефон: 8(72435) 226-05, 8-775-159-53-61.

«Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңжұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.10.2025 — 09.10.2025

 

 

«Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі