АУЫЛЫНА ҚАРАП АЗАМАТЫН ТАНЫ

АУЫЛЫНА ҚАРАП АЗАМАТЫН ТАНЫ

Туған жер әр азаматтың түп қазығы, қазақтың болмысы мен бірлігінің қайнар бұлағы. Қай уақытта болмасын елдің еңсесін көтеріп, тұрмысын жақсартатын ауыл азаматтарының бірлігі мен жанашырлығы. Біздің ауданда да бір ігілікті іс жүзеге асып, соның дәлелі болды. Биыл бірнеше жылдан бері күрмеуі шешілмей келген кенттегі қос көшенің жолына асфальт төсеп, Өскенбай Битабарұлы және Яхия Тұрапұлы көшесі толықтай жөндеуден өтті. Бұл істі «Жаңақорған жібек жолы» мекемесінің басшысы Мақсұт Шоманов өз қаражатына жүзеге асырды. Талай жылдан бері тұрғындары әбігерге салған. Жұмысқа барғанда да, балалар мектепке шыққанда да осы жолдың машақатын аз көрген жоқ. Қазір жол жаңарып, көпшілікке қуаныш сыйлайды. Осы ретте, елім деген азаматтардың жасаған жақсылығы жұртшылықтың көңілінен шығып, алысқа бөленуде. Ауылдың көркейіп, елдің еңсесі көтерілгенін кім қаламайды? Өзім осы өңірдің тумасымын. Қанша жыл кәсіп жасап келемін, соның бәрі туған жердің бергені деп білемін. Сондықтан ауылға бір пайдам тисін ниетпен екі көшеге асфальт төседім. Бұл менің азаматтық борышым. Елге қызмет ету тек мемлекеттік қызметпен  шектелмейді. Әрбір азамат туған жеріне қолғабыс етсе, ауылымыз да, еліміз де көркейе береді,-дейді Мақсұт Шоманов. Бұл игі іске көше тұрғындары дән риза. Әсіресе, сол көшеде тұратын балалар мектепке батпақ кешпей, асфальт жолмен баратынына қуануда. Біздің көшеге асфальт төселгеніне барлығымыз қатты қуандық. Енді көліктер өткенде көше шаңғымайтын болды. Біз мектепке батпақ болмай барамыз,-деп қуанышын жеткізді көшенің кішкентай тұрғындары. Ия, жол халықтың өмір сапасын айқындайтын басты фактордың бірі. Жақсы жол болса, ауылдың тіршілігі жеңілдейді, шаруашылық дамиды, жастардың да болашағына жол ашылады. Сондықтан ауданда салынға әрбір жол елдің ертеңіне салынған инвестиция. Бұл тұрғыда ауыл азаматтарының демеушілік жасап, қолдау білдіруі көпке үлкен үлгі.  Бүгінгі ұрпақ мұндай жақсылықты көріп өссе, ертең өзі де тұған жеріне қамқор болуды парыз санайды. «Ауылына қарап азаматын таны», дейді дана халқымыз. Шын мәнінде, туған жеріне жанашырлық жасап, халықтың игілігі үшін қаржысын да, күш жігерін де аямайтын азаматтар барда ауылдың еңсесі биік болмақ. Мақсұт Шоманов сынды елге жанашыр жандардың арқасында ауданның ажары артып, тұрғындардың тұрмысы жеңілдеп отыр. Бұл-көпке үлгі боларлық іс.