МАЛ ИЕСІ АЙЫППҰЛ МЕН МҮЛІКТІК ШЫҒЫНДЫ ТӨЛЕЙДІ

МАЛ ИЕСІ АЙЫППҰЛ МЕН МҮЛІКТІК ШЫҒЫНДЫ ТӨЛЕЙДІ

Кент орталығындағы қараусыз жүрген жылқылар көгалдандырып қойған жерге бір дәмденгесін жие келуді әдетке келтірді. Малдың аты мал ғой, қараусыз жайылып жүрген мал иелері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы жолдарда елеулі қауіп-қатерлерге алып келіп жатады. Бүгін иесіз жайылып жүрген мал айып тұрағына қамалды. Алдағы уақытта мал иесі құқықтық, иелігін анықтайтын құжатты көрсеткеннен кейін оған мал бағу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ мал иесі малдың айып алаңында болған уақыты үшін  шығынның орнын толтырады. Мұндай жағдай тек біздің ауданда ғана емес, бүкіл ел бойынша өзекті мәселеге айналуда. Егер қаңғыбас жылқылар, сиырлар қойлар табылса, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады. Сонымен қатар табылған жануарлар малға арналған айыппұл тұрағына қойылады. Кенттің мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарын заңнамаларды сақтауға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.