Аудан әкімі А.Шаменовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі А.Шаменовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысында 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстарды болдырмау бағытында және ұрлық қылмысының алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар. Екі мәселе бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Өсер Мәулен Жайшылықұлы хабарлама жасады.

- Аудандық полиция бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен аудан көлемінде Қазақстан Республикасының заңдарын, ІІМ-нің және ОПД-нің бұйрықтарымен нұсқауларын басшылыққа ала отырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуда, қылмысқа қарсы күресте, азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғауда біршама профилактикалық жұмыстар жүзеге асырылды. Атқарылған жұмыстар мен жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде аудан көлемінде тіркелген қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 153-тен 88-ге, яғни 42,5 пайызға төмендеген,-деді Мәулен Жайшылықұлы.

Сондай-ақ, аудан көлемінде жалпы тіркелген қылмыстардың ашылу көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда жоғарылағанын да жеткізді.

Алайда, қазіргі таңда ғаламтор желісінде алаяқтық жолмен ақша тауып жүргендер азаяр емес. Оның дәлелі ретінде ауданда 3 адам интернет алаяқтардың құрбаны болған. Осыған орай аудан тұрғындарынан сенімді дереккөздерге ғана сене отырып, алаяқтықтың құрбаны болуға жол бермеулеріңізді сұраймыз.

Хабарламашыға аудан әкімі тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, кент, ауылдық округ әкімдеріне, тиісті бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.