«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан бойынша сенбілік ұйымдастырылып, санитарлық тазалық жұмыстары кең көлемде жүргізілді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов сенбілік барысымен танысып, жауапты сала басшыларына жұмыстарды тиімді әрі сапалы жүргізуді тапсырды.

Сенбілік кезінде көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылып, аялдамалар мен жол жиектері сырланып, талдар әктелді.

Сонымен қатар, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жиналған күл-қоқыстар арнайы техниканың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.