Ашық есік күніне» орай аудан мектептерінің дарынды оқушылары аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың қабылдауында болып, ашық пікір алмасты.
«Құрметті жас достар! Болашақ – сіздердің қолдарыңызда. Ертеңгі ел тізгінін ұстайтын көшбасшы азаматтар сіздердің араларыңыздан шығатынына кәміл сенемін. Мұндай игі шаралар – сіздердің мемлекеттік басқару жүйесіне деген қызығушылықтарыңызды арттырып, болашақта елге қызмет ету жолындағы мақсаттарыңызға тың серпін беретіні сөзсіз. Сіздерге зор сенім артамыз! Мамандықты қателеспей таңдап, болашаққа нық қадам басуларыңызға тілектеспін. Оқуда озат, өмірде талапты болыңдар!», – деді аудан әкімі А.Ибраимов.
Іс-шара барысында оқушылар аудан әкімімен еркін форматта әңгімелесіп, естелік суретке түсті.
Сонымен бірге озат оқушылар мен дарынды жастар аудан әкімі аппаратының жұмысымен танысып, әкімдік құрылымы мен мемлекеттік қызметшілердің атқаратын қызметтері туралы мағлұмат алды.