“Құрбан айт” мерекесі тойланды

“Құрбан айт” мерекесі тойланды

“Құрбан айт” мерекесі тойланды

“Құрбан айт” мерекесі қарсаңында аудандық “Иманқұл” мешітінің жанында тұрғындар үшін арнайы шатыр тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылды.

“Құрбан айт” мерекесі елді бірлікке бастайтын игі шаралардың бірі. Ұлттық спорт түрлерінен өткен сайысқа кент және ауылдық округтерден келген үздік спортшылар қатысты. Жүлделі орын иеленгендерді және қатысқандарды ынталандыру мақсатында кәсіпкерлердің қолдауымен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Ақсу ауылынан келген “Ақсу” командасы арқан тарту жарысынан 1 орын алды. Ал, білектілер басқосқан қол күрестен Нұрлан Сенбеков үздік атанса, Жалағаштық Жасұлан Мыңбай ІІ орын, ІІІ орынды Зада Нұрқаділ иеленді.

Балаларға арасында “ләңгі” ойнаудан Аққыр ауылынан келген Айдос Мусариев рекорд қойып І орын алды. Айдоспен шамалас Еңбек ауылынан келген Еркінбол Қойшыбеков ІІ орын, Жасұлан Байділдаев ІІІ орынды иеленді.

Ауданда гір спорты соңғы бес жылдықта үздік мектеп болып қалалыптасып келеді. Құрбан айт мерекесі қарсаңында өткен тартысты бәсекеде гір спортынан Нұрлан Сенбеков І орын, Ербол Азиз ІІ орын және Жасұлан Байділдаев ІІІ орынды иеленді.

Татулық пен достықтың үлгісіндей болған бұл мерекенің маңызы жыл санап артып, ұрпаққа берер ұлттық құндылықтары көбейіп келеді.