
Тазалық мәселесі аймақ басшысының күн тәртібінен түскен емес. Осы тұрғыда сыр өңірінің келбеті іспеттес негізге жолдардың да таза болуы маңызды.
Бүгін аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы Жалағаш ауданы аумағындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің және Жалағаш кентінен өтетін темір жол бойының тазалық жұмыстарын көрді.
Сапар барысында Аққұм, Еңбек, Бұқарбай батыр және Таң ауылдық округтерінің маңына тазалау жұмыстарын жүргізген қызметкерлердің еңбегіне оң баға беріп, ауыл әкімдеріне ауылдық жерлердегі қоғамдық жұмыспен айналысатын мамандардың санын көбейтуді тапсырды.
Ұзындығы 47 шақырым болатын шойын жолдың мәселелері де Асқарбек Темірбекұлының назарынан тыс қалған жоқ. Сапаржай алаңына шығатын баспалдақтарды жаңартуды және жол бойының тазалық жұмыстарын тұрақты қадағалауды кент әкіміне жүктеді.
Ең бастысы - адам өмірінің қауіпсіздігі. Алдағы уақытта аудан тұрғындарының өмір қауіпсіздігі үшін аспалы темір жол көпір салынады.