Аудан әкімі кезектілік ретімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі кезектілік ретімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға 13 азамат келіп, өз мәселесін жеткізді. Басым бөлігі әлеуметтік салаға қатысты.

Қабылдауда жер үлесі, жайылымдық жер мәселесі, тұрғын үй, Тәжік-Ауған соғысына қатысушы азаматтарға ескерткіш орнату, жұмысқа орналастыру мәселелері көтерілді.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар жұмыс сұраушылардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.