Жалағаш кентінде орналасқан №201 мектеп-лицей ұжымымен кездесу болып өтті

Жалағаш кентінде орналасқан №201 мектеп-лицей ұжымымен кездесу болып өтті

2022 жылдың 8 ақпан күні №201 мектеп-лицей ұжымымен аудан әкімінің орынбасары Еспенбет Жасұлан Ерданұлы және білім бөлімінің басшысы Садықов Талғат Құрақбайұлы кездесіп, әлеуметтік желіде жазылған сын-пікірлерге байланысты тоқталып, педагог этикасы, мектеп оқушыларының тәртібі туралы мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары Ж.Еспенбет мектеп-лицей басшылық құрамы тарапына айтылған сыни пікірлерге байланысты арнайы комиссия құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысымен тиісті деңгейде шешімдер қабылданатындығы туралы ескертті.

Сонымен қатар, аудандық білім бөлімі басшысының бұйрығымен №201 мектеп-лицей директорының уақытша міндетін атқаруға Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы тағайындалды.