Акцияға аудан халқы да атсалысуда

Акцияға аудан халқы да атсалысуда

Тазалыққа тастай талап қажет екенін жалағаштықтар жақсы біледі. Әр сенбілік жұмыстарында олардың табандылық танытатыны да сондықтан. Қазір күз мезгіліндегі екі айлық тазалық маусымының басталғанына да 2 апта болды. Өңірдің өркендеуін, елді мекеннің мұнтаздай таза болуын ортақ абырой деп білетін аудандағы барлық мекеме ұжымы жол жиегіндегі арықтарды күл-қоқыстан арылтып, сенбілік жұмыстарының қарқын алуына өз үлестерін қосуда.

Қазір аудандағы әрбір мекеме ұжымы тазалық мауысымында табандылық танытып жатқанын көріп отырмыз. Енді әрбір сенбілікке жергілікті тұрғындар да өз үлестерін қосқаны абзал. Сонда ғана тазалыққа жасаған жұмысымыздың жемісін көретініміз анық.

Айта кетейік, бүгінгі сенбілік жұмыстары дүниежүзілік «Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өрбіді. Аталған акция әлемнің 150 елінде өтеді және оған 380 миллиннан астам адам қатысады деп күтілуде. Аталған акцияға аймақ халқы да атсалысуда.