Егістік алқаптарын өртеу жұмыстары кезінде сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігі туралы дөңгелек үстел өткізілді

Егістік алқаптарын өртеу жұмыстары кезінде сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігі туралы дөңгелек үстел өткізілді

Бүгін Жалағаш орман және жануарлар дүниесі қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде "Аудан көлемінде орман тоғайларда және шаруашылықтың егістік алқаптарында өрт қаупі бар кезеңдерде өрттің алдын алу іс-шарасы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы С.Садықов, 11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты М.Сәрсенбек, Жалағаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны А.Арапбаев, ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері, мекеменің өрт сөндірушілері қатысты. Іс-шара барысында алдағы күз айларында егістік алқаптарын өртеу жұмыстары басталатыны, шаруашылық төрағаларына өртеу барысында өртті бақылап тұру үшін бір маман бекіту және осыған сәйкес шаруашылық төрағаларына, ауыл әкімдеріне, ауыл тұрғындарына жоғарыда аталған мекеме мамандарымен бірлескен түсіндірме жұмыстарын жүргізу келісілді.

"Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" КММ